Сообщения

Сообщения за апрель, 2017

Мүхамедрахим ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ. ҰЛЫТАУДЫҢ ҰЛАРЫ...

Изображение
ҰЛЫТАУДЫҢ ҰЛАРЫ... немесе Жезді өңірінің жарық жұлдызы һәм жарқын тұлғасы, ғалым-географ Теміреева Фарида Мамбеталиқызын еске алу құрметіне арналған Республикалық конференция жиынынан түйген ой-тұжырымдар Мұхамедрахим Қыдырбайұлы, профессор, Астана, kursabaev @ outlook . com       Үстіміздегі жылдың 30 наурыз айында Астана қаласы №73 орта мектеп ғимаратында ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Теміреева Фарида Мамбеталиқызын еске алу құрметіне арналған Республикалық конференция болып өтті. Аталмыш іс-шараның өткізілуіне Астана қаласы білім басқармасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (ЕҰУ) география және туризм институты (ҒЗИ) және Фарида Мамбеталиқызының шәкірті, №73 мектеп директоры Байтажикова Құралай Аманкелдіқызы мұрындық болды.       Жиынның өзге конференциялардан ерекшелігі ғаламдық Facebook порталы арқылы тікелей эфирде әлемнің бірқатар елдерінде таратылды.   ...