Мұхамедрахим ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ. ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕСІЗ – ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП БОЛМАЙДЫ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕСІЗ – ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП БОЛМАЙДЫ Мұхамедрахим ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ. «Атамекен» ұлттық тәрбие бағдарламасының (1990) авторы, kursabaev1961@gmail.com Ұлттық тәрбие мен ұлттық мектеп мәселесі төңірегінде бүгінде аз айтылып жатқан жоқ. Осы мәселе бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасаған талдауымыз «ұлттық тәрбиенің» заманның қай дәуірінде болмасын аса қажет дүние екені баяндалады. Ежелгі заманда Ұлы дала төсінде ғұмыр кешкен көшпенді ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрлері мен діни-рухани құндылықтары – ұлттық тәрбие арқылы атадан балаға мирас болып, күні бүгінге дейін ұлттық намысымыздың қайнарына айналуы кездейсоқ емес. Оған дәлел ретінде 4000 жыл бойына ата-қонысымыздағы топонимикалық атаулардың өзгермей келгені, діни-рухани құндылықтардың тұрақтылығы мен мызғымастығы, отбасы дәстүрінің мыңғасырлық сабақтастығы, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарымыздың «бөтен өркениеттің» ығына жығылмай келе жатқандығында – ұлттық т...