Мұхамедрахим ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ. ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕСІЗ – ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП БОЛМАЙДЫ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕСІЗ –
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП БОЛМАЙДЫ
Мұхамедрахим ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ.
«Атамекен» ұлттық тәрбие бағдарламасының (1990) авторы, kursabaev1961@gmail.com
Ұлттық тәрбие мен ұлттық мектеп мәселесі
төңірегінде бүгінде аз айтылып жатқан
жоқ. Осы мәселе бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасаған талдауымыз «ұлттық
тәрбиенің» заманның қай дәуірінде болмасын аса қажет дүние екені баяндалады.
Ежелгі заманда Ұлы дала төсінде ғұмыр
кешкен көшпенді ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрлері мен діни-рухани
құндылықтары – ұлттық тәрбие арқылы атадан балаға мирас болып, күні бүгінге
дейін ұлттық намысымыздың қайнарына айналуы кездейсоқ емес. Оған дәлел ретінде
4000 жыл бойына ата-қонысымыздағы топонимикалық атаулардың өзгермей келгені,
діни-рухани құндылықтардың тұрақтылығы мен мызғымастығы, отбасы дәстүрінің
мыңғасырлық сабақтастығы, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарымыздың «бөтен
өркениеттің» ығына жығылмай келе жатқандығында – ұлттық тәрбиенің үлесі бар. Ұлы
Дала номадтарының «Хан Тәңірі» идеясы, Арий тайпаларының «Авеста» ұраны,
шумерлердің «Гильгамэш», сақтар мен ғұндардың материалдық мәдениеті, көне
түркілердің «руналық мұралары» мен мұсылман ғұламаларының «Құран» кітабы –
өткен дүние мен бүгінгі заманымыздың «алтын көпірі» іспеттес.
Демек, ұлттық тәрбие «ұлтшыл» немесе
гуманизмге қарсы идеологияны қалыптастырушы рухани күш емес, сонымен қатар оның негізгі атқарып келе
жатқан миссиясы – адам мен табиғат арасындағы шынайы гармонияны сақтаудың нағыз
үлгісі болсаны абзал.
Ал, ҮІ-ХІІІ ғасырлар арасында бастап
Периней түбегі мен Үнді-Қытай жазирасына дейінгі алқапқа үстемдігін жүргізген
мұсылман мәдениеті - тек қана жаулап алу
саясатын ұстанып қоймай, әлемдік деңгейдегі ғылым мен білімнің сарқылмас
қазынасы болды. Мұсылман медреселері мен мактабтары тек қана Ислам идеологиясын
насихаттап қана қоймай – әлемдегі тұңғыш
жоғарғы және орта білім беру жүйесінің фундаментін қалады. Мұсылман әлеміне
әйгілі болған бабамыз Әбу Насыр әл Фарабидың «тәрбиесіз берілген білім –
адамзаттыі һәс жауы» деген сөзі күні бүгінге дейін ұстаздар жадында.
Ұлттық тәрбие туралы көне әдебиеттерде,
атап айтқанда Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн және Қайқауыс Гиланшаһ
шығармаларында ерекше орын алған. Олардан «Тәрбие мен білім егіз. Оны – отқа
жақсаң жанбайды, суға салсаң байтпайды», деген, өсиет қалған. Ал, «Кодекс
куманикус», «Диуани хикмат» және «Құтадғу билик» кітаптары Я.О.Коменскийдің,
И.Песталицидің, Виттроино де Фельтре мен И.Гербарттың назарын аударғанын біз
біле бермейміз.
Қазақ жыраулары (Асанқайғы, Марғасқа, Үмбетей,
Қазтуған, Тәтіқара, Жиембет, Доспамбет, Шалкиіз, Бұхар, Ақтамберді т.б) академик Серғазы
Қалиевтың айтуынша ұлттық тәрбие мұраларын сақтаушы және насихаттаушы сарқылмас
рухани күш торабына айналды [1].
Абай философиясы, Шоқан тағылымы және
Ыбырай мұралары – ғұмыр бойына таусылмайтын мәңгілік рухани-танымдық бастаулар
екені анық.
Ұлттық тәрбие атауын ғылыми айналымға
енгізген М.Жұмабаев болды. Ол өзінің «Пидагогика» оқулғында (1926) «әр халықтың
ежелден келе жатқан ұлт тарбиясы бар», деп көрсетті [2].
СССР Одағы кезінде ұлттық тәрбие
мәселелері М.Әуезовтың «Абай жолы», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», Б.Адамбаевтың
«Қазақтың шешендік сөздері», М.Әлімбаевтың «Халық ғажап тәлімгер»,
С.Сауытбековтың «Тағылым тегі» шығармаларында айырықша көрініс тапты. Сондай-ақ
ғылыми зерттеушілер: Т.Тәжібаев «Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің тарихы»,
Х.Арғынбаев «Қазақ отбасы», А.Х.Мұхамбаева «Қазақтың салт-дәстүрлері арқылы
жастарға тәрбие беру», Қ.Б.Жарықбаевтың «Қазақстандағы көне дәуірден бүгінге
дейін педагогикалық-психологиялық ойлардың дамуы» еңбектерін атап өткен жөн.
1990 жылдардың басында ұлттық тәрбие
мәселесі жан-жақты зерттеле бастады. Республикамыздың көптеген оқу орындары мен
мектептерінде «Этнопедагогика» кафедралары мен «Алтын көмбе», «Атамекен
ордасы», «Елім-ай», «Кәусар бұлақ», «Жұлдыз», «Дәстүр» атты ұлттық тәлім-тәрбие
әдістемелік орталықтары ашылды.
Этнопедагогика тақырыбы бойынша Жарықбаев
Қ.Б, Қалиев С.Қ, Әбілова З.Ә, Сарыбеков Н.С, Бөлеев Қ.Б, Ғаббасов С, Ұзақбаева
С.А, Қожахметова К.Ж, Иманбаева С.Т, Асанов Ж, Төлеубекова Р.К, Наурызбай Ж.Ж, Дүйсембінова
Р.Қ, Балтабаев М.Х, Табылдиев Ө, Джанзакова Ш.И, Оразбекова К, Әлсатов Т,Сәдуақасов
Ә, Әбілдина С.Қ, Дмитриенко Е.А, Ешмұратова Д.С, Сайдахметов Б.С және басқа
ғалымдар еңбек жазды.
Этнопедагогика салаласындағы теориялық
еңбектерді оқу-тәрбие жұмыстарына ендіруде Ахметова З, Дәулетова О, Қыраубаева
А, Шәлекенов У, Әуезова Б, Суюбаева Б,О, Хасенқызы Г, Ескендірқызы Қ, Умарова
А.Қ, Исин Қ, Қарабаева Г, Аппазова Л, Ғайнушева С, Жиенбаева Б, Смағұлова Т, Өтешова
Ю, Нағыманова Қ, Жақашев Е, Донбаева Г, Лепешев Д.В, Шермұхамбетова М, Мұхамеджанова
К және басқа педагог-практик мамандар үлкен үлес қосты.
Өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында
ұлттық тәрбие мәселесіне зор көңіл аударған Пірәлиев С.Ж, Кертаева Ғ.М, Қоңыратбаева
Т.Ә, Жұматева Е.Ө, Шалғынбаева Х.Қ, Нұғманова Х.Е, Шүйіншина Ш.М, Сырымбетова
Л.С, Қисымова А, Хасанова Ж.С, Қаплиева А, Есімова Д.Д, Мұхтарова Ш.М, Қоңырбаева
С, Иманбетов А.Н сынды ғалымдар көлемді еңбектер жазды. Шет елдердегі қазақ
диаспораларындағы ұлттық тәрбие проблемалары Әмірғазин Қ.Ж, Муханбетова Г,
Қабдыразақұлы Қ, Ашайұлы Ә еңбектерінде көрініс тапты.
Ұлттық тәрбие мәселесі бүгінгі жаңа буын
өкілдері тарапы назарларынан тыс қалмай теориялық һәм практикалық сипатта
өрбуде. Осы орайда Кенжеханұлы Р, Тазабек М, Смағұл Бақытжан, Бақыт Смағұл,
Асанғазы Ж, Жұмамұрат Ш, Ахметжан А, Бекетай Б, Көшекова Б, Асанканова Ш.А, Иманмадиева
Б, Оралбекова Б.С сияқты жас ғалымдар мен тәлімгер-қайраткерлер үлкен үлес
қосуда.
Ұлттық тәрбиені басты нысанада ұстайтын
жаңа заман мектептерінің басшылары Миразова А, Іргебай Е.С, Төлекова С.С,
Көшекова Б сияқты тұлғалардың жетістіктері жүректі жылытады.
Соңғы жылдары, атап айтқанда 2011-2018
жылдары тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәрбие мәселесі екінші орынға
ығыстырылды. Оған әлемде болып жатқан ауқымды әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер мен ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері зор әсер етті.
Қазақстан Үкіметінің білім саласына
қатысты мемлекеттік саясаты мен қоғамда елеулі орын алған инновациялық һәм
технологиялық модернизация бастамалары білім жүйесінің ірі өзгерістерге
ұшырауына ұйытқы болды. Мемлекет тарапынан «Білім туралы Заң» жобасының талқыға
салынуы және Қазақстанда білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының
қабылдануы, сондай-ақ «Қазақстан-2050», «Цифрлық Қазақстан», «Рухани Жаңғыру»
атты стратегиялық маңызы зор бастамалардың қолға алынды.
Аталған бастамалардың жарқын белгісі
ретінде көптеген мектептер салынды, дарынды балалардың жан-жақты білім алуына
мол мүмкіндік беретін «НЗМ» мен оқушылар сарайлары, ғылыми-техникалық,
спорттық, интеллектуалдық бағыттағы сан алуан ғимараттар бой көтерді.
Жаңадан салынған мектептердегі
маман-кадрлар мәселесі тиімді жолға қойылды. «НЗМ» (Назарбаев зияткерлік
мектептері) мен «Өрлеу» білім жетілдіру институттары
жанынан арнайы ұстаздар біліктілігін арттыру жұмыстары біршама жақсарды. Мектеп
мұғалімдерінің әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мемлекет тарапынан қайта
қаралып, бірқатар жеңілдіктер мен мүмкіндіктер жолға қойылды.
Мектеп оқулықтары заман ағымына сай сай
зерделенуде. Әсіресе «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда
білім жүйесін ақпараттандыру мен цифрландыру барысында бірқатар отандық
инновациялық тәжірибелер жинақталды. Мектеп базасында оқушылар сапалы білім мен
саналы тәрбие алумен қатар робототехника, анимация, дизайнерлік ілкімділік,
компьютерлік-графикалық бағдарламалар
жасау, геоақпараттық жүйелер мен 3D модельдеу платформаларын кеңінен қолдану
жөнінде қосымша білім алу мүмкіндіктеріне ие болды.
Шет ел тілдерін меңгеру, жеке пән бойынша
алған білімдерін жетілдіру, мектеп жанындағы ғылыми-зерттеу, мәдени-спорттық,
техникалық-интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту мен жетілдіру барысында
Қазақстан ұландары үлкен табыстарға қол жеткізді. Оған жас жеткіншектердің
Халықаралық интеллектуалдық және басқа сайыстарда жүлделі орындарға ие болғаны
дәлел.
Күн санап еліміздің барлық шаһарлары мен
ауылдарында мектептер саны артып келеді. Сол мектептердің өсуіне мұрындық
болған жас ұрпақ өкілдері білім мен тәрбие алу барысында мемлекет пен отбасы
тарапынан барлық құқықтар мен мүмкіндіктерге иеленуіне барлық жағдай жасалып
жатыр. Оқушылардың жазғы уақыттағы демалысын жоспарлы һәм нәтижелі ұйымдастыру
барысында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру Орталығы мен оның обылыстық
филиалдары және басқа да «лагерлік педагогикалық» орталықтардың атқарып жатқан
жұмыстары қуантарлық.
Дегенмен, кейінгі жылдар қоғамдық
қатынастар мен өмірде позитивті орын алған аталған жетістіктермен қатар,
өкінішке орай кезек күттіруді қажет етпейтін негативті құбылыстар күн санап
көбейе түсуде.
Аталған жетістіктер аясында бүгінгі
мемлекет пен қоғамның негізгі миссиясы болып табылатын жас ұрпаққа сапалы білім
мен саналы тәрбие бере отырып, өз елінің жоғарғы мәдениетті, ақылды, ұлтжанды,
иманды, инабатты, адамгершіл тұлғасы болуына, туған халқы мен елінің
салт-дәстүрлері мен ана тілін құрметтеуге, мемлекеттік тілдің дамуына жан-жақты
үлес қосатын, болашақ тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі өркениетті елдермен
терезесі тең қуатты мемлекет болуына айырықша үлес қосатын болашақ қоғам
тұлғасын дайындап шығару қажет екендігі туралы міндетін өз деңгейінде атқара
алмай келе жатқаны жанға жара салады.
Дәл осындай күрделі жағдай 1990 жылдардың
басында елімізде пайда болған халықаралық
«Қазақ-түрік лицейлері» (ҚТЛ) жобасын Қазақстанда ендіру жағдайында
белең алғанын еске алғн жөн. ҚТЛ мектептерін ашу барысында Қазақстан
Республикасы білім және ғылым Министрлігінің бір департаменті «Қазақ-түрік
лицейлері басқармасы» деп аталды. ҚТЛ жетістіктеріне бәріміз қуанып, ал ондағы
«идеологиялық олқылықтарға» қатты күйзелгеніміз бар. Демек, кеше де бүгін де
қыр соңымыздан қалмайтын ондай келеңсіз тұстарды дер кезінде ауыздықтау қажет.
Бүгінгі таңда қоғамдық өмірімізде орын ала
бастаған аталмыш келеңсіз жайттарға тұжырым жасауымызға төмендегідей олқылықтар
негіз болды:
- Қазақ этнопедагогикасы және этнопсихологиясы
құндылықтарын оқу-тәрбие жұмыстарында жүйелі түрде енгізу жұмыстарының
дағдарысқа ұшырауы;
- дәстүрлі қазақ мектептері
жүйесінің еуропалық стандартқа мақсатты түрде өтуін мәжбүрлеу;
- ұлттық салт-дәстүрлер мен
құндылықтар жөнінде қызығушылықтары төмен «робот-балалардың» пайда болуы;
- өз ана тілінде сөйлемейтін
нигилистік тұрпаттағы жас ұрпақ өкілдері санының артуы;
- Педагог-психолог пен мектеп
мұғалімдері мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындарында арнайы мәртебесі бар
факультеттер ашу лайықты шешімін таппай отыр;
-ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу)
мемлекеттік бағдарламасын енгізу барысындағы негативтік құбылыстардың артуы;
- НЗМ (Назарбаев зияткерлік
мектептері) авторитарлық-педагогикалық жүйесінің қалыптасуы;
- SMART-телефон коммуникациялық
құралына тәуелді және оны шектен тыс пайдалануға бейім ата-аналар мен жас
жеткіншектердің керенаулық әрекеттері;
- «Цифрлық Қазақстан»
бағдарламасын білім жүйесіне ендіру барысындағы «Bilim Land» жобасының
монополистік сипаты;
- Білім беруді критериалдық
жүйеде бағалау үрдісінің авториталы-педагогикалық сипат алуы;
- Педагог-психолог мамандарды
дайындау және олардың біліктілігін арттыру жұмыстары толықтай еуропалық
стандартқа өтуі – ұлттық тәрбие туралы әдістемелер мен ғылыми-инновациялық технологиялардың
жасалуына ауыр нұқсан келтіруде;
- Жаңа буындағы мектеп
оқулықтарында орын алған стратегиялық кемшіліктер мен оларды электронды
форматқа көшіру барысындағы схоластикалық үрдістің қалыптасуы;
- «Bilim Land», «Bilin Fundation»,
«БиС» және басқа бүгінгі қазақ мектебінің дамуы мен қалыптасуына теріс ықпал
етіп жатқан қауіпті жобалардың Қазақстан Республикасы білім және ғылым
Министрлігі тарапынан қолдау табуы десек болады.
Әрине, бұл аталған проблемалар жөнінде БАҚ
және Интернет ресурстар желілерінде сын-пікірлер мен ұсыныстар көптеп
кездесетінен айта отыра, ондағы ұлттық тәрбиенің алатын орны мен миссиясы
туралы біздің міндетіміз бен жауапкершілігіміз көп адамдарды барынша
қызықтырмай отырғанын жеткізгіміз келеді.
Бүгінде көптеген жетістіктер мен
инновациялық технологиялар ұлттық тәрбиенің қатысуынсыз жүргізіліп келеді. Бұл
үрдіс жалғаса берсе, онда ұлттық тәрбиені ендіру ісі «мәжбүрлеу» үрдісіне өтіп,
бұхара халық тарапынан «негативті» пікірді тудыртуы мүмкін.
Біздің ойымызша ұлттық тәрбиені бүгінгі
таңдағы жаңа буын өкілдерінің санасына сіңірудің басты жолы – оларды әлемдегі
ең озық жаңалықтар мен инновациялық технологияларды меңгеруді – ұлттық намыс
категориясы ретінде саналы түрде қабылдау негізінде қоғам мен мемлекет
игілігіне айналса дейміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР
1. Қалиев С.Қ. Қазақ ақын-жыраулар шығармаларындағы
этнопедагогикалық мұралар, Алматы, 1991.
2.Жұмабаев М. Пидагогика, Алматы, 1992.
3. Құрсабаев М.Қ. Қазақ-нама. Таңдамалы шығармалары,
Астана, 2008.
4.Құрсабаев М.Қ. Қазақ-нама. Таңдамалы шығармалары,
Астана, 2008. Эл.оқулық. http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1105928
5. Құрсабаев М.Қ. Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық
тәрбие берудің педагогикалық шарттары, Автореферат, Қарағанды, 2009.
6. Нұрсәуле Садулла. Ұлттық тәрбие ұлт болашағы. https://turkystan.kz/article/34976-ltty-t-rbie-lt-bolasha-y
11.Иманмадиева Балжан, Оралбекова Б.С. Қазақ
этнопедагогикасы – ұлттық тәрбие негізі. https://stud.kz/prezentatsiya/id/13072
13. Әжібаева Ұлдана. Ұлттық тәрбиелеудің маңызы мен
ерекшеліктері.
14. Арысланова Айжан. Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы. http://bilimdiler.kz/ustaz/27270-ulttyk-tarbie-kundylyk-bastauy.html
16. Асанканова Ш.А. Нұғманова Х.Е. С.Қалиеа
еңбектеріндегі оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері. Магистерлік
диссертация, Қызылорда, 2012.
17. Құрсабаев М.Қ. Атамекен пионерлер операциясы,
Қазақстан мектебi, №5/1991, 38-45 бет.
18. Құрсабаев М.Қ. Атамекен бағдарламасы және Атамекен
ұйымы, Қазақстан мектебi, №7-8/1994
19. Бөлеев Қ. Ұлттық тәлім – тәрбие (дайындық курсының
бағдарламасы), Жамбыл, 1993.
20.Құрсабаев М. Қ. ,- Ұлттық тәлім – тәрбиеге негізделген
“Атамекен” Бағдарламасының педагогикалық мәселелері. “Халық педагогикасы мен
психологиясы дәстүрлерінің оқу – тәрбие ісінде қолданылуы” атты ғыл –
тәжірибелік конф. материалдары , Алматы, 19 – 20.5. 1992 .
Комментарии
Отправить комментарий