ЭТНОПЕДАГОГИКА МҰРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ОРНЫ. М.Қыдырбайұлы







ЭТНОПЕДАГОГИКА МҰРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ОРНЫ

Мұхамедрахим Қыдырбайұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Астана, kursabaev@yahoo.com

Данный материал представляет собой выявление эффективного направления систематизации и практического применения материалов этнической педагогики с использованием Интернет ресурсов в условиях современной системы образования в Казахстане

This materials is the identification of the effective direction of systematization and application value  ethnic pedagogy using Internet resources in a modern system of education in Rebublic of Kazakhstan

Этнопедагогика ғылымының бүгінгі зерттелу барысын ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары мен медиа құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Ғылым мен техника жетістіктерінің уақыт өткен сайын қолжетімді болуы, осы бағыт бойынша зерттелген жұмыстардың болашақтағы зерттеу объектісін нақтылауды қажет етуде. Бүгінгі қоғамның қозғаушы күші болып табылатын жас ұрпақ өкілдері - кешегі ұлттық тәрбие қайнарын бойына дарытқан ұстаздар мен ғалымдардың орасан еңбектерінің жемісі. Ұлт құндылықтарын қастерлей  отыра, олар заманауи жетістіктер ықпалына ұшырай келе, өз кезегінде елдің тағдырына алаңдайтын саналы азамат һәм бәсекеге қабілетті тұлға болуға талпынуда.
      Демек, білім жүйесінің ғаламдық ақпарат кеңістігіне ену үдерісіне болжам жасай отыра, жоғарғы технология жаңалықтарына барынша бейімделудің өркениетті жолдарын ісдестіру біз қарастырып отырған саланың өзекті мәселесі болып отыр.




Осы орайда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасындағы электронды кітаптар айдары арқылы жоғарыда аталған құнды зерттеу материалдарын уақыт оздырмай ұрпақ игілігіне айналдырған абзал. Дегенмен, аталмыш проблемалардың туындауына қарамастан бірқатар ілгерушіліктердің бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Атап, айтқанда профессор Зият Әбілованың «Этнопедагогика оқулығы» атты монографиясының қазіргі таңда көптеген зерттеушілер мен студенттердің пайдалы ақпарат көзіне айналғаны қуантады.






Этнопедагогика материалдарын пән ретінде оқыту мәселесі болашақта осы шағын жинақтардан бастау алатыны заңды құбылыс. Әзірше, уақытты өткізе бермей әлеуметтік желілер мен ғылыми-ақпараттық білім ресурстары қорын молайта түскеніміз аьзал. Мысал ретінде «Facebook» порталынан «Қазақ этнопедагогикасы һәм ұлттық тәрбие негіздері» Интернет-парақшасын ашуға болады. Алдымен дәрісті немесе оған қатысы бар материалдарды (дидактикалық жинақ, тест, кестелер) парақ бетіне жеке тақырыбы бойынша жүктеу керек.

http://psyholog.ucoz.kz/load/5-1-0-16





Бұл үрдіс көп қиындық тудыртпайды. Тапсырманың екінші кезеңі таңдап алынған бір тақырып бойынша электронды адрестер сілтемесін (ЭАС) жинақтау қажет. Дәлел ретінде жоғарыда аталған кітабымыздағы  «Ұлы ағартушылардың этнопедагогикалық ой-пікірлері» тақырыбы бойынша дәрісті толық жүктеп болған соң, оншақты мағынасы кең «key words» кілт сөздерді есте сақтаймыз.  

https://www.facebook.com/%D0%AD%D1%



Нәтижесінде Сократ, Қорқыт, Әл Фараби және Коменский есімдерін теріп алдық. Келесіде «Comment» пернесі бойынша ол атаулады бөлек жазып, өзімізге қажетті толық мағлұматтарды «Wikipedia»,  «Britanica», «Ciberleninka» және басқа электронды кітапханасынан іздеуге кірісеміз. Монитордағы интерфейс қосымшалары арқылы әр электронды ақпарат парақшаларын (кесте, диаграмма, скрингшот, фотосюжет, фототекст, слайд, сөйлем мәтіндері т.б) қарапайым формада бейнелейміз. Оған қол жеткізу үшін сілтеме тапсырмаларын «гипперссылка» форматы бойынша орындайымыз. 





Енді студенттерге берілген тапсырмаларды тиімді нәтижелендіру үшін біздер «Chat online» қосымшасы арқылы өзіміз қалаған мағлұматты сілтеме ретінде аталмыш Интернет парақшамызға орналастырамыз. Айталық мен Қорқыт Ата туралы студентім Нұрлыбек Раушановқа тапсырманы SMS желісі арқылы жіберіп, аз уақыт ішінде маған және менің шәкіртіме тиімді ақпаратты қолжетімді қылуға мүмкіндік аламыз. Келесі тапсырманы топтағы әр студентке жеке «key words» әдісі бойынша таратуға болады. Сілтемелер бір жағынан слайд форматы ретінде дидактикалық қосымша бола алады.

https://www.facebook.com/%D0%AD%D1%



Қазіргі таңда дәстүрлі ғылыми жинақтар һәм қолжазбалармен қатар Online Journal топтамалары ғылыми көпшілік қауымның жаңаша келбеті мен ұмтылысын қалыптастыруда. Басқа да қоғамдық және әлеуметтік ғылымдар сияқты этнопедагогика саласында кейінгі жылдары көптеген жаңа бағыттағы өзгерістер мен жобалар заманауи талап тілектердің ішкі ойы мен түпкілікті міндеттерін айқындап отыр. 

https://www.researchgate.net/publication/274717048_NATURE_AND_C






Байқап отырғанымыздай «Google» порталы арқылы «этнопедагогика» тақырыбына қажеттті соңғы бес жыл ішіндегі баға жетпес мол электронды нұсқадағы түрле слайдтар мен фотошежірелер, мәтіндер мен кестелердің басқа да дидактикалық-практикалық материалдар қорының мол екеніне көз жеткіземіз. Демек, осы уақытқа дейін мектеп, балабақша һәм оқу орындары практикасында түрлі жағдайда қолданылып келген (семинар, сынып сағаты, тәлім-тәрбиелік іс-шаралар, әдістемелік нұсқаулар, авторлық жобалар, шығармашылық топтар жинақтары, эссе, реферат, конференция материалдары т.б) педагогикалық-психологиялық әрекеттер нәтижесінің тек дәстүрлі форматта қалып қалмай (сынып журналы, жылдық есеп күнделігі, оқулықтар, әдістемелік оқу құралы) көп жағдайда сандық технология форматында баяндалғанын жеткіземіз.

https://www.google.ru/search?q=%D1%8D%D1%82%D0




Этнопедагогика ғылымына қатысты бізде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасындағы электронды кітаптар айдары болса, Ресейде «Ciberleninka» электронды ғылыми-техникалық ақпарат порталы өз жұмысын бастап кеткеніне көп уақыт болған жоқ. Бұл орайда ғылыми тұрғыда толық аяқталған іргелі Online форматтағы іргелі еңбектердің біріне Хакимов Э.Р зерттеу жұмысын алумызға болады [6]. 

http://cyberleninka.ru/article/n/etnopedagogika-kak-nauka-predmet-funktsii-osnovnye-kat







Сондай-ақ аталмыш зерттеулердің қатарына Нездемковская Г.В, Мусханова И.В, Давыдова О.И, Мамлеева Д.М, Петрова Л.А, Екеева Э.В, Сокольникова Э.И,  еңбектерін жатқызамыз[7]. Ресей сарапшыларының піірінше аталмыш ғылыми топтамалар РИНЦ индексі бойынша жоғары бағаланып, болашақта «Thomson Reuters», «Springer», «Elsevier», «Scoups», «AAAS» ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары (ҒҒТАР) дәрежесіне көтерілу мүмкідігі бар екенін  жоққа шығармайды.

http://cyberleninka.ru/article/n/etnopedagogika-kak-nauka-predmet-funktsii-osnovnye-kat






Қазақстандық немесе ТДМ елдеріндегі ғалымдар еңбектері аталмыш ресурстарды сараптау барысында біздің назарымызға ілінбеді. Сол себепті жоғарыда есімдері аталған ғалымдар еңбектері болашақта осы порталдан орын алу жағын қарастырғанымыз абзал.

http://cyberleninka.ru/article/n/etnopedagogika-kak-nauka-predmet-funktsii-osnovnye-kat





«Scoups» тобындағы «Mediterranean Journal of Social Sciences» Интернет журналында Қожахметова К.Ж жетекшілігімен этнопедагогика тақырыбына қатысты ғылыми мақалаға оң баға беруге болады. Осы формат бойынша профессор Adnan Tufekčić зерттеуі де заманауи жағдайдағы ұлттық тәрбие мәселеріне қоғамның жіті назар аудару қажеттігін меңзейді[8].

      Дегенмен «Thomson Reuters», «Springer», «Elsevier» ҒТАР этнопедагогика тақырыбындағы ғылыми тезистердің жариялануы деңгейі жағынан халықаралық мәртебесі жоғары екені байқалады.  

http://www.mcser.org/journal/index.php/mjss





 «Elsevier» тобына жататын «Sciencedirect» ғылыми жинағы соңғы жылдары жекелей этнопедагогика ғылымының қалыптасуына ерекше мән бермегенімен онда «балалар фольклоры», «этникалық һәм мәдени құндылықтар», «халық дәстүрлері», «әлем халықтарының ұлттық ойындары» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын тұрақты жариялап отырғаны белгілі [10].

http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S1877042814047818




Қазақстандық ғалымдар Ұзақбаева С.А және Жолдасбеков С «The Main Problems of System's Modernization of Vocational Training of Pedagogical Shots in The Republic of Kazakhstan» тақырыбындағы аталмыш ғылыми мақала біздер көтеріп отырған мәселеміздің шешуін табуға зор мүмкіндік тудыртып отыр[9].
      Қорыта айтқанда бүгінгі ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарын ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жастардың шығармашылық һәм интеллектуалдық мүмкіндіктерінің ашылуына айырықша жағдай туғызуына себепші болатынын айта келе, өз кезегінде алға қойған мақсатқа жетудің тиімді жолын табуға мұрындық болады деп есептейміз.
     Бұл орайда «Ciberleninka» электронды ғылыми-техникалық ақпарат порталы немесе «Procedia» үлгісінде Қазақстандық форматтағы электрондық ғылыми орталықты ашу мәселесін шешу қажет.

     Этнопедагогика мәселесі бойынша осы кезеңге дейінгі электрондық материалдарды бір жүйеге келтіріп, жас ерекшелік категориясына лайықтай отырып арнайы дидактикалық порталдың молая түсуіне жағдай туғызу керек. 

http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S1877042815021850



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР

1. Әбілова З., Қалиев С.Қ. Этнопедагогика оқулығы, Алматы, 1996, 265 бет
2. Kozhakhmetova Klara, Ortayev Baktiyar, Kaliyeva Sandygul, Utaliyeva Raikhan, Jonissova Gulzhiyan. Ethnic Pedagogy as an Integrative, Developing Branch of Pedagogy. Mediterranean Journal of Social Sciences, Vol 6, No 1 S1 (2015).DOI:10.5901/mjss.2015.v6n1s1p612.  http://www.mcser.org/journal/index.php/mjss/rt/printerFriendly/5581/0
3.Құрсабаев М.Қ. Қазақ нама. Шығармалар жинағы. Астана, 2008, 506 бет
6. Хакимов Э.Р. Этнопедагогика как наука: предмет, функции, основные категории. Вестник Урмуртского университета. №9, 2007.
7. Нездемковская Г.В. Становление этнопедагогики в России. ТомГУ, 2009.
8. Adnan Tufekčić. Ethnopedagogical review of traditional children's games from Majevica. The Faculty of Philosophy in Tuzla, Tuzla, Bosnia and Herzegovina. http://hrcak.srce.hr/index.php?show=clanak&id_clanak_jezik=122490&lang=en
9. S.A.Uzakbaeva, S.Zholdasbekova. The Main Problems of System's Modernization of Vocational Training of Pedagogical Shots in The Republic of Kazakhstan. http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S1877042815021850

10. Alevtina Nikolaeva, Lyudmila Popova. Тo the Problem of the Spiritual and Moral Values Formation in Senior Pre-school Children. Procedia - Social and Behavioral Sciences. Volume 146, 25 August 2014, Pages 271–274. Third Annual International Conference «Early Childhood Care and Education». http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S1877042814047818





























Комментарии

Популярные сообщения из этого блога

М.Қыдырбайұлы. ЖАРКЕНТ КОЛЛЕДЖІ – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

Мұхамедрахим ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ. ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕСІЗ – ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП БОЛМАЙДЫ