Сообщения

М.Қыдырбайұлы. ЖАРКЕНТ КОЛЛЕДЖІ – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

Изображение
ЖАРКЕНТ КОЛЛЕДЖІ – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ Мұхамедрахим ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ, педагогика ғылымдарының кандидаты,   «Атамекен» ұлттық тәрбие бағдарламасының (1990) авторы, Дүниежүзілік түркі халықтары педагогтары Ассоциациясының мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, kursabaev1961@gmail.com                  Биыл жері жайсаң, халқы мейірбан, қариясы қазыналы, ұрпағы инабатты,   жазиралы Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі 80-жылдық   мерейтойын атағалы отыр. Ол 1929 жылы мұғалімдер дайындайтын арнайы педагогикалық курс орталығы ретінде ашылып, кейін педагогикалық училище және техникум дәрежесіне көтерілді. Білім ордасы 1942 жылдан бастап Панфилов педагогикалық училищесі деп өзгерді.      Бүгінде Саурамбаева Баян Нүсіпбекқызы басқаратын оқу орны ресми түрде Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі деп аталады. Колледж қабырғасында «Бастауыш білім беру»,   «Музыкалық білім бер...

Мұхамедрахим ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ. ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕСІЗ – ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП БОЛМАЙДЫ

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕСІЗ – ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП БОЛМАЙДЫ Мұхамедрахим ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ. «Атамекен» ұлттық тәрбие бағдарламасының (1990) авторы, kursabaev1961@gmail.com      Ұлттық тәрбие мен ұлттық мектеп мәселесі төңірегінде бүгінде аз айтылып   жатқан жоқ. Осы мәселе бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасаған талдауымыз «ұлттық тәрбиенің» заманның қай дәуірінде болмасын аса қажет дүние екені баяндалады.      Ежелгі заманда Ұлы дала төсінде ғұмыр кешкен көшпенді ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрлері мен діни-рухани құндылықтары – ұлттық тәрбие арқылы атадан балаға мирас болып, күні бүгінге дейін ұлттық намысымыздың қайнарына айналуы кездейсоқ емес. Оған дәлел ретінде 4000 жыл бойына ата-қонысымыздағы топонимикалық атаулардың өзгермей келгені, діни-рухани құндылықтардың тұрақтылығы мен мызғымастығы, отбасы дәстүрінің мыңғасырлық сабақтастығы, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарымыздың «бөтен өркениеттің» ығына жығылмай келе жатқандығында – ұлттық т...

Мүхамедрахим ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ. ҰЛЫТАУДЫҢ ҰЛАРЫ...

Изображение
ҰЛЫТАУДЫҢ ҰЛАРЫ... немесе Жезді өңірінің жарық жұлдызы һәм жарқын тұлғасы, ғалым-географ Теміреева Фарида Мамбеталиқызын еске алу құрметіне арналған Республикалық конференция жиынынан түйген ой-тұжырымдар Мұхамедрахим Қыдырбайұлы, профессор, Астана, kursabaev @ outlook . com       Үстіміздегі жылдың 30 наурыз айында Астана қаласы №73 орта мектеп ғимаратында ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Теміреева Фарида Мамбеталиқызын еске алу құрметіне арналған Республикалық конференция болып өтті. Аталмыш іс-шараның өткізілуіне Астана қаласы білім басқармасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (ЕҰУ) география және туризм институты (ҒЗИ) және Фарида Мамбеталиқызының шәкірті, №73 мектеп директоры Байтажикова Құралай Аманкелдіқызы мұрындық болды.       Жиынның өзге конференциялардан ерекшелігі ғаламдық Facebook порталы арқылы тікелей эфирде әлемнің бірқатар елдерінде таратылды.   ...

ЭТНОПЕДАГОГИКА МҰРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ОРНЫ. М.Қыдырбайұлы

Изображение
ЭТНОПЕДАГОГИКА МҰРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ОРНЫ Мұхамедрахим Қыдырбайұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Астана, kursabaev@yahoo.com Данный материал представляет собой выявление эффективного направления систематизации и практического применения материалов этнической педагогики с использованием Интернет ресурсов в условиях современной системы образования в Казахстане This material s is the identification of the effective direction of systematization and application value  ethnic pedagogy using Internet resources in a modern system of education in Rebublic of Kazakhstan Этнопедагогика ғылымының бүгінгі зерттелу барысын ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары мен медиа құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Ғылым мен техника жетістіктерінің уақыт өткен сайын қолжетімді болуы, осы бағыт бойынша зерттелген жұмыстардың болашақтағы зерттеу объектісін нақтылауды қажет етуде. Бүгінгі қоғамның қозғаушы күші болып табылатын жас ұрпақ өкілдері - ке...