Тұңғыш Online Qazaq Mektebi басылымының редакторы профессор М.Қыдырбайұлының құттықтау сөзі
Қадірлі замандастар!
Мен қарапайым ауылда өсіп, білім алып және ұстаздық еткен кезеңдерімді ең бақытты дәуірім деп айтар едім.
Міне, заман болса өзгерді. Кеше пионер ұйымын құлатып, орнына "Атамекен" балалар ұйымын құрып жаңаша жұмысты бастап едік,енді бәрі аяқ астынан өзгерді.
Көп дүниені әдемі қылып жазуға һәм айтуға болады, бірақ соның ішіндегі ұрпақ тағдырын өзгертуге бағытталған нақты ісің мен үлесің барлығынан абыройлы болып шығады.
Қысқасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай "үш тілді" (қазақ, орыс, ағылшын) еркін меңгеретін әлемдік деңгейдегі ауқымды білімді игерген ұлтжанды, жоғары мәдениетті һәм интеллектуалдық потенциалы зор жас ұрпақ тұлғасын қалыптастыруға үлес қосу мақсатында аталмыш басылымды жарыққа шығарып отырмыз.
Кешегі ғылыми мұралар 4 ГБ таспаға сыйып кететінін біліміз бе? Тәуелсіз Қазақ Елінің дербестігі - оның білім саясатына байланысты. Адам капиталы мен интеллектуалдық санасын бағалайтын заманға тап болдық. Рас, үрей мен алаңдаушылық жоқ емес. Дегенмен, бүгінгі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін жедел игере алмасақ, онда ғаламдық нарықтағы біздің орнымызды бөтен біреулер тартып алуы мүмкін.
Соңғы 5-10 жыл ішінде біздер көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Ал бүгін, олар - дәрменсіз. сол себепті үздіксіз білім мен ұлттық тәрбиенің қайнар көзі болатын зерде-санамызды игілігімізге жарата білейік!
Сонымен біз Сіздерге 4 формат бойынша Online басылымдар жүйесін ұсынамыз. оған қосымша 72 сағаттық "Интернет-мақала" туралы YouTube желісінде аудиодәрістер беріліп келеді. Сонымен қатар "Табиғаттану" Интернет оқулығы, "ЕХРО 2017 және балалар" атты ғылыми жобалар Интернет-байқауын сәтті өткізіп келеміз.
Сіздерден ғылыми мақала, тезис, мультимедиалық жобалар күтеміз. Парақ 14 шрифт және 5-7 беттен аспауы тиіс. Маңызы зор еңбектер 20 парақтан аспауы тиіс. Мақалалар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде басылады.
Мақала жолдаушыларға "Интернет және ғылыми мақала" (72 сағат) Сертификат, Online журналға ендірілген баяндама тезисі Сертификаты беріледі.

Комментарии
Отправить комментарий